spot_img
Жексенбі, Мамыр 3, 2026
7.2 C
Kokshetau

Пәкістанда Құдайға тіл тигізген 8 жасар бала өлім жазасына кесілмек

Сондай-ақ...оқыңыз
Пәкістан соты Құдайға тіл тигізді деп айыпталған сегіз жасар баланы кепілдікке босатқаннан кейін мұсылмандар тобы үнді ғибадатханасына шабуыл жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

 

Оқиға Пенджаб провинциясының Рахим Яр Хан ауданындағы Бхонг қаласында болды. Бала өткен айда қасиетті кітаптар сақталатын діни мектепте кілемге әдейі зәр шығарды деген айыппен тұтқындалған. Мұсылман қауымдастығы бұл баланы күпірлік жасады деп айыптайды. Мұндай қылмыс үшін Пәкістанда өлім жазасына кесіледі. Жиналған жұрт соттан үкімнің орындалуын және баланы өлім жазасына кесуді талап етті.

Бала мен оның отбасы қазір мемлекет қамқорлығында.

«Баламыз өзінің қандай қылмыс жасағанын және неге бір апта түрмеде отырғанын әлі түсінбейді», – дейді отбасы мүшелері.

Провинцияда тәртіпсіздіктер жалғасуда. Билік тәртіпсіздікті басу үшін әскерилерді осы аймаққа көшірді. Көптеген үндістер үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады

Құрметті отандастар! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – қоғамымыздың мызғымас құндылықтарын паш ететін қастерлі мейрам. Бірлік күні...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика