spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
10.2 C
Kokshetau

Олимпиада: Грек-рим күресінен бас бапкер төрешілер шешімімен келіспейтінін айтты

Сондай-ақ...оқыңыз

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы үшін Токио Олимпиадасы сәтсіз аяқталды. Бүгін ел атынан соңғы болып сынға түскен Нұрсұлтан Тұрсынов алғашқы айналымда германиялық қарсыласынан жеңілді. Белдесу аяқталғаннан кейін бас бапкер Бақтияр Байсейітов Olympic.kz сайтына төрешілер шешімімен келіспейтінін жеткізді.

«Төрешілер тарапынан бағалау дұрыс болған жоқ. Өздеріңіз көргендей, әдіс жасалды. Тіктұрып жартылай әдіс жасап лақтырды. Ереже бойынша толық жасалмаған әдіске екі ұпай берілуі керек. Олар, төрешілер мұны есептеген жоқ. Мен төрешілер шешіміне шағым түсіргенде (челлендж) белдесуді қайта қарап, шешімді өзгертпеді. Әдетте шағым қанағаттандырылмаса қарсыласқа бір ұпай беріледі.

Бас төреші, төрешілер координаторының ұлты – неміс. Осы жерден өздеріңіз қорытынды жасай беріңіздер болады. Бұл жерде бізден жеңісті тартып алды деп есептеймін», – дейді бас бапкер Бақтияр Байсейітов.

Айта кетерлігі, Нұрсұлтан Тұрсынов Токио Олимпиадасында 87 келі салмақ дәрежесінде белдесті. Екеуара кездесу 4:1 есебімен германиялық Денис Кудланың еншісіне шешілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img