spot_img
Сейсенбі, Маусым 16, 2026
24.5 C
Kokshetau

Павлодарда көшеде ақша сұрап жүрген әйелге айыппұл салынды

Сондай-ақ...оқыңыз

Мәшһүр Жүсіп пен Лермонтов көшелерінің қиылысында өтіп бара жатқан адамдардың мазасын алып, жол жүруге ақша сұраған әйел ұсталды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

– Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігіне сәйкес «қоғамдық орындарда мазаны алу» бойынша әкімшілік іс қозғалды, – деді жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Руфат Кенжин.

Әйел адамға ескерту немесе 5 АЕК (14 585 теңге) дейін айыппұл салынады.

Облыстық полиция департаменті өтіп бара жатқан адамдардан ақша сұрағаны немесе бірдеңе сатып алуды ұсынып, мазаны алғаны үшін жазалануы мүмкін екенін еске салады.

Жыл басынан бері құқық қорғау органдары қоғамдық орындарда  жұрттың мазасын алған 1257 адамды жауапқа тартты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Телефондағы жаз: демалыс кезінде балаларды кибералаяқтардан қалай қорғауға болады

Жазғы демалыс кезінде балалардың интернетте өткізетін уақыты артады. Олар онлайн ойындар ойнап, әлеуметтік желілерде араласып, түрлі платформаларда жаңа таныстар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика