spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
16.2 C
Kokshetau

Ақмолада шомылу маусымында 21 адам суға кетіп қайтыс болды, оның 11-і балалар

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық құтқарушылар шомылу маусымындағы статистиканы жария етті. Өңірде 62 адам құтқарылған, оның 11 — балалар, 18 азаматқа дәрігерге дейінгі көмек көрсетілген, 21 адам көз жұмған, деп хабарлайды, «Aqmola News» ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, шомылу маусымы басталғалы өңірде 62 адам құтқарылған, оның 11 – балалар. 18 азаматқа дәрігерге дейінгі көмек көрсетілген. Бірақ облыста суға кетіп көз жұмғандар статистикасы өсуде. Бүгінгі күнде осындай 21 факт тіркелген. Суға кеткендердің арасында үш кәмелетке толмаған бала бар.

«Шомылу кезіндегі жазатайым оқиғалардың негізгі себебі – қауіпті жете бағаламау, жүзе алмау, өз күшін асыра бағалау және үрейлену. Сондай-ақ, қайғылы жағдайға көбіне мас болу, алыс қашықтыққа жүзу, дауылды ауа райында шомылу, бұлшықет құрысуы, үрленетін жүзу құралдарының жарылуы, балардың қараусыз қалуы, биіктіктен секіру сияқты жағдайлар себеп болады. Медициналық пункті мен құтқару құралдары бар арнайы жабдықталған жағажайда судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету оңай», – деп атап өтті ведомство.

Өңір құтқарушыларының айтуынша, полиция департаментінің аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп 3624 рейд және патрульдеу жүргізілді. Нәтижесінде 614 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 173 қоғамдық құтқарушысы бар 10 коммуналдық жағажай және 59 жеке жағажай ашылды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img