spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
8.2 C
Kokshetau

Бұландыда теміржол вокзалының асханасы өртенді

Сондай-ақ...оқыңыз

Бұланды ауданы Макинск қаласының теміржол вокзалында асхана үйі өртке оранды. Түн ішінде бір сағаттай уақыт тілсіз жаумен алысқан өрт сөндірушілер теміржол вокзалын аман алып қалған, деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұланды ауданындағы төтенше жағдай басқармасының өрт сөндірушілеріне «Макинка» станциясындағы жайсыз оқиға туралы хабар осы түні сағат 01.33-те телефон арқылы хабарланған. Үш минут ішінде оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер ас үй ғимаратының жанып жатқанын анықтайды.

 

«Өрттің жалпы аумағы 60 шаршы метр аумақты шарпыған. Бір сағат бойы арпалысқан өрт сөндірушілер теміржол вокзалы ғимаратын аман алып қалды. Абырой болғанда қаза болғандар мен зардап шеккендер болған жоқ», – дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Өрт асханадағы пешке май құйылғанынан шыққаны анықталды деген болжам жасалды. Буфет қызметкерлері тамақ дайындап жатып, абайсызда өрт шыққан. Өрттің шығу себептерін теміржол жұмысшылары осылай деп болжапты. Дегенмен оқиға орнына барған өрт сөндірушілер зертханасы өрттің нақты шығу себептерін анықтамақ.

Құтқарушылар тұрмыстық өрттен абай болып, қарапайым ережелерді сақтаудың маңыздылығын тағы бір еске салды.

«Тұрмыстық өрттердің ең көп тараған себептерінің бірі – плитада жанған май. Қызып кеткен майдың жануы үшін бірнеше минут жеткілікті. Сондықтан оны ешқашан қараусыз қалдыруға болмайды. Егер сіздің пешіңізде май жанса, отты дереу өшіріңіз. Жалынды металл қақпақпен немесе пісіруге арналған ыдыспен жабыңыз – бұл оттегінің өрт ошағына жетуін тоқтатады. Майды сөндіру үшін ешқашан суды пайдаланбаңыз – өрт бірден күшейеді. Егер өрт бақылаудан шықса, отбасыңызды үйден шығарып, дереу өрт сөндірушілерді шақыру қажет», – дейді төтенше жағдайлар департаментінен.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img