spot_img
Жексенбі, Наурыз 3, 2024
-6.8 C
Kokshetau

Қалмұханбет Қасымов отставкаға кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовты өзінің отставкаға және мемлекеттік қызметтен кету туралы өтініші бойынша ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовқа құқық қорғау органдарындағы ұзақ жылғы қызметі мен Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы ретінде сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді.

Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша атқару Е.А.Сағымбаевқа жүктелді.

Айта кетейік, Қалмұханбет Қасымов 1957 жылы 18 мамырда Алматы облысында дүниеге келген. 1979 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.

Еңбек жолы: 1979-2005 жылдары ішкі істер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде қызмет атқарған (Алматы қ., Астана қ. және Алматы облысы).

2005-2009 жылдары – ҚР Ішкі істер вице-министрі, бірінші вице-министрі.

2009-2011 жылдары – Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті бастығы.

2011-2019 жылдары – ҚР Ішкі істер министрі.

2019 жылғы 12 ақпанда Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.

2020 жылдан бастап Мемлекеттік күзет қызметі бастығы болды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

2023 жылы 140 мыңнан астам ақмолалық АИТВ-ға тестілеуден өтті

Бірінші наурызда ЮНЭЙДС бастамасымен, бүкіл әлемде "Кемсітушілік нөлі" күні атап өтіледі. 2024 жылғы ұраны - "Әркімнің денсаулығын сақтау үшін,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img