spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Ақмолада сотталушының анасы колония кітапханасына 50-ден астам кітап сыйлады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада сотталушының анасы ЕЦ-166/25 түзету мекемесінің кітапхана қорына түрлі жанрдағы көркемәдебиет кітаптарын сыйға тартты, деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл туралы Ақмола облысының қылмыстық атқару жүйесі департаменті хабарлады.

«Бұқаралық ақпарат құралдарының бірінен кейбір ұйымдардың түзету мекемесіне кітаптар тапсырғаны жайлы оқып қалдым. Бұл шараға неге мен де қатыспаймын деп ойладым. Өйткені ЕЦ-166/25 түзету мекемесінде менің ұлым да жазасын өтеп жатыр. Балам кітап оқығанды өте жақсы көреді. Ал кітаптарды менің жібергенімді білсе ол тіпті қуанады ғой», – деді Алла есімді сотталушының анасы.

Бүгінде ЕЦ166/25 түзеу мекемесінің кітапханасында 5 мыңнан астам кітап қоры бар. Уақыт өте келе кітаптардың кейбірі жарамсыз болып есептен шығарылып жатыр. Бірақ кітап оқушылардың саны едәуір өскен.

«Түрлі жастағы сотталушылар әдеби жанрдағы кітаптарды үлкен қызығушылықпен оқиды. Ал жаңадан кітап келгенде оны бірінші болып алуға тырысады. Біз Людмилаға осындай игі ісі үшін алғысымызды білдіреміз. Көркем шығармалар мен кітаптарды оқитын сотталушылар біртіндеп көбейіп келеді. Бұл олардың өмірді жаңаша түсініп, рухани құндылықтарды бойына сіңіруіне ықпал етеді», – дейді колония бастығының орынбасары Сұлтан Құсайынов.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img