spot_img
Сенбі, Сәуір 20, 2024
25.2 C
Kokshetau

Ақмолада үш жылдан бері WhatsApp әлеуметтік желісінде қаржы пирамидасы жұмыс істеген

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Целиноград ауданында үш жылдан бері қаржылық пирамида ұйымдастырылып келген. WhatsApp әлеуметтік желісін пайдаланған алаяқ облыс тұрғындарымен қатар өзге өңір тұрғындарын да тақырға отырғызған, деп хабарлайды «Aqmola News». 

Полиция тергеушілері қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен Целиноград ауданының 28 жастағы тұрғынын ұстаған. Жас әйел WhatsApp мессенджерінде «Өзара көмек кассасы» деген топ құрған. Сөйтіп қаржы пирамидасы 2019 жылдың тамызынан осы жылдың сәуіріне дейін тоқтаусыз жұмыс істеп келгені анықталған.

«Күдікті әйелге облыстың және өзге өңірлердің тұрғындарын алдап, ақшаларын иеленіп кеткені белгілі болды», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 190 бабының 2 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Полицейлер азаматтарды ақшасын күмәнді қаржылық ұйымдарға салмай, сақтық шараларын ұмытпау қажеттігін ескертті.

«Егер Сіз немесе сіздің жақыныңыз қаржы пирамидасының қызметіне ұшырасаңыз дереу полицияға хабарлауды сұраймыз», – дейді полиция департаментінен.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ БҮГІНГІ БАТЫРЫСЫЗДАР!»

  Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов шыңдар мен жазықтарды,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img