spot_img
Сенбі, Маусым 20, 2026
20.1 C
Kokshetau

Ақмола өңірі бойынша барлығы 95 әкім сайланады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысындағы өңірлік сайлау комиссиясының хатшысы Николай Политкин сайлау учаскелерінің әкімдерді сайлауға дайындығы туралы мәлімет берді.

«Ертеңгі сайлауға 218 учаскелік сайлау комиссиясы қатысады. Барлық учаскелер дайын. Кеше барлық комиссияларға сайлау бюллетендері таратылды. Сайлау комиссияларының жұмыс тәртібі туралы кеңес өткіздік», – деді Николай Политкин агенттік тілшісіне телефон арқылы берген мәліметінде.

Оның айтуынша, бүгін таңертең облыс бойынша 10 348 дауыс беруші тіркелген. Өңірлік комиссия хатшысы кешке дейін бұл сан өзгеруі мүмкін екенін айтады.

«Барлығы 303 кандидат тіркелді. Оның ішінде әртүрлі себеппен 13 кандидат тіркеуден өтпеді. 290 кандидаттың тағдыры ертең белгілі болады», – деді Николай Политкин.

Жалпы ертең Ақмола өңірі бойынша барлығы 95 әкім сайланады. Оның ішінде аудандық маңыздағы қалалардың екі әкімі (Ерейментау және Державинск қалалары) бар. Қалғаны – кенттер мен ауылдық округтер.

«Мұндай сайлау алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл біздің азаматтарымыз үшін өз өмірлеріне өздері әсер етудің нақты мүмкіндігі. Мәселелерді шеше алатын лайықты адамды көріп, таңдаудың оңтайлы сәті туындап тұр. Есептеп қарасақ, біздегі әр әкімнің орнына үш үміткер таласып отыр», – дейді сайлау комиссиясының өкілі.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Әлеуметтік желілер мен жекелеген ақпараттық пабликтерде Қазақстанда курьер ретінде қосымша жұмыс істейтін аналарды әлеуметтік төлемдерден айыру жоспары туралы жарияланымдар таралуда.

Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Бала күтімін жүзеге асыратын жұмыс істемейтін ата-аналарға республикалық бюджет қаражаты есебінен бала бір жарым жасқа толғанға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика