spot_img
Сенбі, Сәуір 20, 2024
18.2 C
Kokshetau

Бурабай ауданында мотоцикл тізгіндеген 48 жастағы жүргізуші мерт болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Бурабай ауданында «Ақылбай-Қызылағаш» автожолының 11-шақырымында Көкшетау қаласының 48 жастағы тұрғыны жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Оқиға Қызылағаш ауылының маңында болған. «Рейсер» мотоциклін тізгіндеген тұрғын рөлге ие бола алмай, қатты жылдамдықпен жолдың шетіне ұшып кеткен. Сол жерде мотоцикл аударылып, 48 жастағы жүргізуші оқиға орнында мерт болды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған. ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары мотоциклистерге арнайы қорғаныс құралдарын қолдану, өте мұқият болу, белгіленген жылдамдық режимін, жол жүру кезектілігін сақтау және жолда күрт маневр жасаудан аулақ болу қажеттігін ескертеді.

Ақмола полицейлері мотокөлік ұшырайтын жол апатының негізгі себептерін айтты. Олар – жылдамдық режимінің артуы, мотоциклшіні кенеттен тежеуге итермелейтін автомобильшілердің күтпеген маневрлері, сондай-ақ мотоциклистің көлікті қауіпті жүргізуі.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ БҮГІНГІ БАТЫРЫСЫЗДАР!»

  Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов шыңдар мен жазықтарды,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img