spot_img
Жұма, Мамыр 3, 2024
9.8 C
Kokshetau

Абылай ханның жылжымалы көрмесі Мәлік Ғабдуллин музейінің ашық алаңына қойылды

Сондай-ақ...оқыңыз

 Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасына қарасты Мәлік Ғабдуллин музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «Абылай ханның 310 жылдығына арналған «Тәуелсіздік туын биік көтерген – Абылай хан» атты  жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы болды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Көрмені  Ақмола өңіріне «Көкшетау – Қазастанның мәдени астанасы» жол картасы аясында Петропавл қаласы «Абылай хан резиденциясы» музей кешені қойды.

Іс-шара Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Ермекқызы Мысырәлімованың және жазушы, драмматург, «Тіршілік» ЖШС директоры Жабал Ерғалиұлы Ерғалиевтің құттықтау сөзімен басталды.

Үш жүздің басын біріктірген, қазақ тарихында ұлы мемлекет қайраткері Абылай хан мен Атығай  Қарауылдың бетке ұстар биі Қанай шешен арасындағы достық пен селкеу түспеген сенімділіктері кешегі тарих беттерінде таңбаланып жазылып қалды.

 

Қанай шешен қазақ халқының қаһарман ұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің тоғызыншы атасы.

Қос тұлғалық музейді байланыстыратын атақты тұлға Абылай ханның өмірі мен қызметіне арналған   көрменің ерекшелігін, ондағы қойылған эспонаттар тарихын экскурсовод Назгүл Бейсенбина таныстырды.

Жылжымалы көрме маусым айының 11 мен 25 аралығында жұмыс істейді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ХАЛЫҚТЫҢ ЖАЙЛЫ ТҰРМЫСЫ ҮШІН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАЛАДЫ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Бұл қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img