spot_img
Жексенбі, Мамыр 12, 2024
21.2 C
Kokshetau

Биыл Көкшетау ЖОО-ның мұғалім мен дәрігер мамандықтарына 185 грант бөлінеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда маман тапшылығын жою үшін жергілікті бюджеттен 185 грант бөлінеді. Бұл туралы облыстық Білім басқармасы хабарлады.

100 грант педагогикалық, 85-і медицина мамандықтарына беріледі.

Аймақта 300-ден астам мұғалім мен дәрігер жетіспейді. Кадр мәселесін шешу үшін облыс әкімдігі соңғы 4 жылда 600-ге жуық баланы оқытуға тапсырыс беріпті. Олардың алды биыл қызметке кіріседі. Келісім-шартқа сәйкес, мамандар оқу бітірген соң өңірде кемі 3 жыл қызмет етуге міндетті. Грант Ақмола облысының ғана емес, барлық аймақтың бітірушілері үшін қолжетімді болады.

– Әкім грантын алу тәртібі тура мемлекеттік гранттағы секілді. Мұнда да ҰБТ нәтижесі бойынша іріктеу жүргізіледі. Яғни кімнің балы жоғары, сол грантқа ие болады. Ал студент оқуын бітірмей, тастап кетсе, оқыған жылдарының ақшасын өтеуге міндетті. Аймақта жұмыс істеуден бас тартса да, осындай жауапкершілік қарастырылған,-дейді Валерий Гамазов, облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жеңіс күніне орай ардагерге құрмет көрсетілді

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов пен депутат Саят Сыздықов тыл еңбеккері  Ксения Петровна Тюменцеваны Жеңіс күнімен құттықтады. Зеренді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img