spot_img
Жұма, Наурыз 29, 2024
1.2 C
Kokshetau

«Шучинсктегі қоғамдық көліктердің жол жүру билетінің құны 150 теңге»- ақпарат жалған

Сондай-ақ...оқыңыз

Бурабай ауданында қоғамдық көліктердің жол ақысы қымбаттамайды. Жергілікті пабликтердің біріне шыққан 2021 жылдың 4 маусымынан бастап Шучинск қаласындағы қоғамдық көліктердегі жол ақысының қымбаттауына қатысты ақпарат жалған. Бұл туралы Бурабай ауданының әкімдігі мәлімдеді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Бурабай ауданының әкімдігіне ағымдағы жылдың 29 сәуірінде аудандық мәслихатының депутаттары кезектен тыс сессияда Щучинск қаласының Жолаушылар тасымалы қауымдастығынан ұсыныстар келіп түсті.  Онда тарифті 150 теңгеге дейін көтеру мәселесі айтылған. Депутаттардың көпшілігінің шешімімен, жергілікті халықтың пікірін ескере отырып, қоғамдық көлікте жол жүрудің жаңа тарифі бекітілді.Қаралған ұсыныстардың негізінде жол ақысы ересектер үшін-110 теңге, 15 жасқа дейінгі балалар үшін-50 теңгені құрады,-делінген хабарламада.

Бүгінде Бурабай ауданы мәслихатының шешімі әділет органдарында тіркеу сатысында тұр, БАҚ-та ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді.

Аудан әкімдігі  тұрғындарды ресми жарияланған ақпаратқа және  аймақ басшысы @aset_muzdybaev ресми парақшасында шыққан мәліметтерге сенуді сұрайды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қосшыда су тасқынының салдарынан көшелерін жағымсыз иіс бойлауда

Көктемгі су тасқынына дайындық туралы аудан-қала әкімдері мен олардың орынбасарларының беріп жатқан есептеріне жүгінсек, облыс қызыл суға 100 пайыз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img