spot_img
Сенбі, Сәуір 27, 2024
15.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында мамандандырылған мектептерге түсуге конкурстық іріктеу жүріп жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысында биыл алтыншы сыныпты бітірген 220-дан астам оқушы мамандандырылған білім беру ұйымдарына түсу үшін конкурсқа құжаттар тапсыруға тиіс. Биыл бұл конкурсты «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығы ұйымдастыруда,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Еліміздегі өңірлер бойынша 2021 жылғы 1-20 маусым аралығында офлайн-тестілеу форматында өткізілетін 70 мамандандырылған мектепке конкурстық іріктеу басталды.
 Конкурстық іріктеудің барлық тест тапсырмалары логикалық сипаттағы тапсырмаларды қоса отырып, өткен жылдардың оқу бағдарламалары негізінде жасалады.
Ақмола облысының мамандандырылған білім беру ұйымдарына конкурстық іріктеуді өткізу кестесіне сәйкес 2021 жылғы 2 маусымда Нұр-сұлтан қаласының дарынды балаларға арналған № 2 облыстық мамандандырылған мектеп – интернатында өткізілсе, 4 маусым күні Көкшетау қаласы дарынды балаларға арналған № 3 Абай атындағы облыстық мамандандырылған мектеп – интернатында өтті.
 6 маусымда  Степногорск қаласы дарынды балаларға арналған № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында іріктеу өтеді.
Конкурс Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес профилактикалық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, өткізіліп жатыр.
Аудиториялардағы тәртіп үшін белгіленген кезекше мамандар жауап берді. Комиссия мүшелері тапсырмаларды оқушылардың көзінше ашып, таратып берді.
Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша апелляция өткізілмейді.
Мамандандырылған мектептерге түсушілер үшін толық ақпарат qabyldau.daryn.kz сайтында орналастырылған.
Конкурстың қорытынды нәтижелері https://qabyldau.daryn.kz/ сайтының басты бетінде немесе аталған сайттағы оқушының жеке сауалнамасында, сондай-ақ мамандандырылған білім беру ұйымының сайтында конкурс өткізілгеннен кейін келесі күннен кешіктірмей орналастырылады.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img