spot_img
Жұма, Сәуір 26, 2024
4.2 C
Kokshetau

Қорғалжындық жас спортшыларға кәсіпкер 100 кимоно жейдесін сыйға тартты

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында,  дзюдодан қазақтан шыққан тұңғыш КСРО-ның күміс жүлдегері, самбо күресінің майталманы, Қазақстан дзюдо федерациясының вице-президенті, кезінде еліміздің Ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы болған, Алматы қаласындағы Республикалық Олимпиада даярлау орталығының директоры Бостан Жаңбырбаев қорғалжындық жас спортшыларға арнап 100 кимоно жейдесін сыйға тартты, – деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Еліміз өркендеп, күннен күнге әлемнің түкпір-түкпірінен Қазақстанның атын шығарып жатқан спортшылар көп.
Қорғалжын ауданында спорт саласы екінші тыныс алып, қайта дамып келеді. Оған түрткі 2018 жылы ауданның 90 жылдығына ел азаматтарының ынтымақ-бірлігінің арқасында  күрделі жөндеуден өтіп ел игілігіне берілуі, екінші себеп ауданда сол жылдары «Қорғалжын спорт клубы» ашылып, сол клубтың шеңберінде жас жеткіншектердің спортпен шұғылдануы. Ауданда онымен қатар балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі  бар. «Туған жерге тағзым» дегендей, ауданның бірқатар жанашыр азаматтарының арқасында дзюдо залы  ашылған. Осы залға біраз адамдар демеушілік жасап келеді. Бір ғана биылдың өзінде бір топ атақты спорт ардагерлері мен демеушілер жас жеткіншектерге үлкен сый табыстады.

Қазіргі таңда Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы хатшысы, Ұлттық құраманың экс-бас бапкері Самат Жылқыбаев та спортшыларымызға татами сыйлады. Осы спорт ордасының бас бапкері, самбо күресінен жастар арасында Әлем және Азия чемпионы, Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы Марат Таханов осындай сый-сияпатқа зор ризашылығын білдірді.

Осы іс-шараны ұйымдастырған, белгілі спорт функционері, «Қазспортинвест» АҚ президенті Қанат Жұрқаевқа және Қорғалжын ауданы дзюдо күресі федерациясының президенті Берік Тұямашевқа  ел жанашырлары атынан  алғысын білдірді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img