spot_img
Жұма, Наурыз 29, 2024
0.6 C
Kokshetau

«Bolashaq Saraiy»: Ақмоланың үздік оқушыларына арналған лагерь жұмыс істейді

Сондай-ақ...оқыңыз

«Bolashaq Saraiy» бекітілген жоспарларға сәйкес өз жұмысын жалғастыруда. Бұған дейін ондағы ақылы үйірмелердің бағасына қатысты көкшетаулықтар әлеуметтік желілер арқылы өз пікірлерін білдірді. Нысанның жалпы жұмысы мен аталмыш мәселеге орай, қосымша білім беру орталығының басшылығы БАҚ өкілдерімен баспасөз жиынын өткізді, -деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Болашақ сарайындағы баға мәселесі…

Бүгінде «А» корпусында бес бағыт бойынша 72 үйірме жұмыс істеуде. Оның 58-і ақысыз болса, 14-і ақылы.

Брифинг барысында «Болашақ сарайының» директоры Айнагүл Балташева журналистермен сұқбат алаңында бірқатар сұрақтарға жауап беріп, нысан жұмысының алдағы жоспарлары туралы кеңірек баяндады.

Мұндағы үйірмелердің 1 сағаттық білім ақысы 440 теңгені құрайды. Бұл қосымша білім беру саласындағы үйірмелердің орташа нарықтық құнынан айтарлықтай төмен. Оның үстіне бұл ақылы үйірмелерден түскен қаржы «Болашақ сарайының» коммуналдық қызметтерінің шығындарын жабуға да жетпейді. Дегенмен, жиналған қаражат сарай жұмысын жандандыруға жұмсалады. Бұл бағалар кабинеттердің жабдықталуы мен әр түрлі шығындарды назарға ала келе, арнайы сарапшылармен келісілген.

Көп балалы отбасының балалары үшін қандай жеңілдіктер қарастырылған?

Әр тоқсан сайын байқау кеңесі ұйымдастырылады. Байқау кеңесінің құрамын облыстық білім басқармасы бекіткен. Комиссия мүшелері көп балалы отбасылардың және отбасылық қиындықтарға тап болған балаларды анықтап, арнайы ережеге сәйкес, «Болашақ сарайының» қарауына ұсынады. Мекеме ережелеріне сәйкес, ондай отбасылардың балалары тегін үйірмелерге қатысады.

Асхана қалай жұмыс істеуде? Ыстық тамақ пен тамақтану алаңының қолайсыздығы немесе кеңейту мәселесі…

Буфет те жоспарға сәйкес жұмыс істеуде. Ол жерден бір мезетте 32 бала тамақтана алады. Барлық санитарлық талаптар орындалуда. Болашақта кеңейту мәселесі қаралмаған. Себебі ол жерден ешқандай ыңғайсыздық байқалған жоқ. Негізінен қосымша білім беру жүйесімен жұмыс істейтіндіктен, тамақтану орнында әзірге ыстық тамақ қарастырылмаған.

Болашақ сарайында «Жазғы лагерь»  ұйымдастырылады

Қазіргі уақытта облыстық білім басқармасымен бірлесіп, жазғы лагерді ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Жас ерекшеліктеріне қарай әр санаттағы оқушылар бес күн бойы мұнда лагерьде болады. Олар үшін колледж жатақханаларынан орындар қарастырылып, ыстық тамақтар ұйымдастырылады. Оның мақсаты – IT бағытында білімін жетілдіріп жүрген шалғай аудандардағы балаларға мұндағы озық технологиялар арқылы іс тәжірбиеден өтуге мүмкіндік туғызу. Аудандар да әр түрлі техникалық, шығармашылық ұйымдары жұмыс істейді. Бірақ мұндағы заманауи құрал-жабдықтар ол жақта жоқ. Сондықтан қосымша білім алып, жетістікке жетіп жүрген оқушыларға мұндағы жабдықтарды қолмен ұстап, көзбен көруге, пайдаланып, біліктілігін шыңдауға мүмкіндік туады. Қазіргі уақытта білім басқармасы басшылығы шалғай елді-мекендердегі талабы таудай балаларды анықтап, «Болашақ сарайының» лагеріне жолдама беру жұмыстарын бастап кетті.

Сонымен қатар «Б» корпусының спорт бөлімінің жетекшісі Аман Ермұханов спорттық үйірмелерінің жұмысы туралы баяндады.

Спорт блогында барлығы 17 үйірме жұмыс істеп жатыр. Спорттың барлық түрі яғни, ұлттық, жекпе жек, стол ойындары және суда жүзу бойынша үйірмелер ашылған. Дәл қазіргі күні барлығы 618 бала келіп кетіп жүр. Егер жарыстарға қатысатындар болса жатттықтырушылар әркім өз бағытына сәйкес, спортшылармен жаттығу жұмыстарын өткізуде. Маман тапшылығы жоқ.

Жақында өткізілген жарыстар …

Жақында мұнда республикалық волейболдан жарыс өткізілді. Оған ақмолалық «Ұшқын» командасы қатысып, аймақ намысын қорғады. Одан кейін ұлттық лига «бес асық» ойыны өткізілді. Оған республиканың әр аймағынан 14 команда келіп қатысты. Бұдан бөлек, №19 мектепте футбол жарысы өткізіліп, «Болашақ сарайының» командасы 3-орынды иеленді.

Спорттық үйірмелердің бағасы, жазылу мүмкіндіктері…

«Бүгінде спорттық үйірмелерге жазылу толықтырылған. Біз мұнда келген балаларды қарым-қабілетіне қарай дұрыс бағыт беру үшін үш ай бойы бақылаймыз. Мысалы кейбір балалар икемі келмейтін спорт түріне жазылуы мүмкін. Керісінше, оның бағыты мүлдем басқа спорт түрі болуы мүмкін. Осыған байланысты біз ата-аналармен үнемі қарым-қатынас құруға тырысамыз. Егер бала басқа үйірмеге ауысатын болса, орын босайды. Біз мұндай кезде немесе өзге де себептерге байланысты босаған орындарды «Болашақ сарайының» инстаграм парақшасына жариялаймыз», – дейді мекеме басшысы Айнагүл Балташева.

Бүгінде «Болашақ сарайында» барлығы 1995 бала қосымша білімін жетілдіруде. Алдағы уақытта нысан бір қабылдағанда 2015-ке жуық баланы қамтамасыз етуге мүмкіндік алмақ.

Еске сала кетсек, «Bolashaq Saraiy» Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында салынып, Көкшетауда жарты жылдан астам уақыт жұмыс істеуде.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қылшақты өзені арнасынан асып, маңайындағы үйлер суда қалды

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Көкшетау қаласының Қылшақты өзені дала суларының жиналуына байланысты арнасынан  асып, қызыл су маңайындағы жеке үйлерге...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img