spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau

Ақмолада жергілікті қаламгерлердің балаларға арналған үздік шығармалары белгілі болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығының қарсаңында Ақмола облысының жергілікті қаламгерлері арасында балаларға арналған қазақ тіліндегі үздік шығармалар облыстық онлайн байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқаудың мақсаты – тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті, соның арасында жергілікті ақын, жазушы еңбектерін насихаттауды жандандыру, балаларға арналған қазақ тіліндегі әдеби шығармаларды көбейту.

Биыл байқауға 28 үміткер қатысты. Байқауға қатысушыларды бағалау кезінде шығарма тілінің көркемдігі, ұлттық құндылықтарды насихаттауы, тартымдылығы мен мазмұндылығы ескерілді.

Байқау поэзиялық және прозалық шығарма аталымдары бойынша өтті.

Қазылар алқасының шешімі бойынша поэзиялық шығармалардан 1-орынды Сайлау Жылқыбаев, 2-орынды Оралбек Нүрүш, 3-орынды Қайырбай Төреғожа иеленді.

Прозалық шығармалар бойынша 1-орынды Серік Жетпісқалиев, 2-орынды Нұрғайып Хавсемет, 3-орынды Қаратай Төлекеев иеленді. Қалған байқау қатысушылар ынталандыру сыйлықтарын иеленетін болды.

«Биыл Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жарық көріп, мақалада балалар әдебиетіне ерекше мән бергенін бәріміз жақсы білеміз. Осы орайда Мәдениет және спорт министрлігі 2021 жылды «Балалар әдебиеті» жылы деп жариялады. Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген байқауға облыс қаламгерлері шығармашылықпен келіп, балаларға арналған қазақ тіліндегі әдеби шығармаларды көбейтуге өз үлесін қосты»,- дейді қазылар алқасының төрағасы Ғосман Төлеғұл.

Облыстық байқаудың жүлдегерлері диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img