spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
8.2 C
Kokshetau

Нұр-Сұлтанда алғаш рет Жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Нұр-Сұлтанда алғаш рет Жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

ЖҚКО-ның басты мақсаты – мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар және жастар арасындағы өзекті мәселелер болып саналатын жұмыссыздық, тұрғын үй, білім, денсаулық және тағы басқа бағыттар бойынша консультативтік көмек көрсету.

«Елорда әкімі қаламызда жастар көп шоғырланатын тұста жастарға қызмет көрсету орталықтары ашылу керек деген болатын. Осы себеппен бүгін жастарға арналған орталықты Сарыарқа ауданы әкімдігімен бірлесе отырып, алғаш рет ашып отырмыз. Бұл орталықта қызметтің бірнеше түрі бар. Мәселен, Отбасы банкі өзінің жұмыстары жөнінде жастарға түсіндіріп береді. Сондай-ақ Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері жастарды қолдауға дайын. Тағы сол сияқты «Астана жастары» қызметкерлері белсенді жұмыс істейтін болады. Бұл орталықты ашудың басты мақсаты — жастарға қолдау көрсету»,— деді Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.

Айта кету керек, жастарға қызмет көрсету орталығы теміржол вокзалына қарама-қарсы орналасқан. Жұмыс уақыты дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-18.00 аралығында жүргізіледі.

Ғимарат 3 бөлмеден тұрады: күту залы, қызмет көрсету бөлмесі және жастармен жиналыс пен келіссөз өткізетін «коворкинг» залы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img