spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
6.1 C
Kokshetau

Бұланды ауданында 20 отбасы баспаналы болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бағдарламалар белсенді түрде жүзеге асырылуда.  Осының арқасында өңірде баспаналы болғандар саны көбейіп келеді, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Жаздың алғашқы айының бірінші күні Нұр-Сұлтан қаласы мен облыс орталығын байланыстыратын күре жолдың бойында орналасқан Макинск қаласында кезекте тұрған 20 адам баспаналы болды. Оларға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Шаңырақ» бағыты бойынша жаңа пәтерлердің кілттері тапсырылды.

«Бүгін бәріміз үшін айтулы күн. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде жаңа пәтердің кілтін алып отырсыздар. Құрылыс саласында қолжетімді баспана салу өте маңызды. Елбасы бекіткен «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жыл сайын мыңдаған отбасы көптен күткен баспаналарына қол жеткізуде», – деді аудан әкімі Талғат Ерсейітов.

Сонымен қатар, биыл ауданда халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 60 және 24 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарланған. Құрылыс басқармасының мәліметінше, өткен жылы облыста 574 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен 71 көппәтерлі тұрғын үй салу жоспарланған. Бұл дегеніміз 3061 пәтер. Бүгінде 1982 пәтерлік 44 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Еске сала кетсек, өңірде соңғы жылдары халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img