spot_img
Сейсенбі, Сәуір 30, 2024
4.2 C
Kokshetau

Қазақстаннан гуманитарлық көмек Үндістанға жеткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Тиісті жүк тиелген қазақстандық екі ұшақтың біріншісі 14 мамырда таңертең Нью-Делидегі Индира Ганди атындағы халықаралық әуежайға қонды. Екіншісі бірнеше сағаттан кейін келеді деп күтілуде.

Гуманитарлық көмекке медициналық маска, респиратор, қорғаныш костюмдері және портативті желдеткіштер кіреді. Әуежайда оны табыстау рәсіміне Қазақстанның Үндістандағы елшісі Нұрлан Жалғасбаев, үнді тарапынан – Үндістан Сыртқы істер министрлігі Еуразиялық ынтымақтастық департаментінің директоры Бандару Вилсонбабу қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 4 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге жолдауымен жүгінді, онда «Үндістанда COVID-19 індетінің қатты өршуіне байланысты қалыптасқан қиын-қыстау кезеңде үнді елінің қайғы-қасіретіне ортақ екенін жеткізген» білдірді, ал 7 мамырда Қазақстан үкіметіне үнді тарапына тиісті көмек көрсетуді тапсырды.

2020 жылы Үндістан Қазақстанға пандемиямен күресуге көмектесу үшін гидроксохлорохин таблеткасын жібергенін атап өткен жөн.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Достық пен татулықтың ордасы

Қаламыздағы «Достық және шығармашылық үйі» 2005 жылы ашылып, қалада құрылып жатқан этно-мәдени бірлестіктер мен ұлттық орталықтардың келісімі мен татулығының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img