spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
16.2 C
Kokshetau

13 мамырға арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер бейсенбі, яғни 13 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Aqmola News» «Қазгидромет» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстанның батыс, шығыс және солтүстік-шығыс бөліктерінде әлі де тұрақсыз  ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай болады. Республиканың қалған аймақтары жоғары атмосфералық қысым алқабында болғандықтан, ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстік және солтүстікте тұман түсіп, оңтүстік батыста шаңды дауыл соғады, шығыста бұршақ жаууы ықтимал», – делінген хабарламада.

Атап айтқанда, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл болып, жел 15-20 м/с, Түркістан облысында желдің екпіні 23 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Жамбыл, Атырау, Павлодар, күндіз Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында тұман түсіп, күндіз Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде, Алматы облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img