spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
9.2 C
Kokshetau

Жыл басынан бері 5,6 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Сондай-ақ...оқыңыз

2021 жылдың басынан бері 5,6 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды «Aqmola News» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 5 685 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бастап республикаға 1 млн. 76,1 мың этникалық қазақ оралды.

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (76,9%) Өзбекстаннан, 10,7%-ы ҚХР-дан, 5,4%-ы Түрікменстаннан, 2,9%-ы Моңғолиядан және 4%-ы  басқа елдерден келген.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (31%), Түркістан (15,8%), Маңғыстау (15,9%) және Жамбыл (7,8%) облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында (11,4%) қоныстанды.

Ағымдағы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны 57,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші адамдар 24,6%-ды және зейнеткерлер 18,2%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде білім деңгейі бойынша 11,1%-ының жоғары, 39,8%-ының арнайы орта, 45%-ының жалпы орта білімі бар және 4,1%-ының білімі жоқ.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img