spot_img
Жұма, Тамыз 14, 2026
23.2 C
Kokshetau

Президент Ғазиза Әбдінәбиеваның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дүниеден өткен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, көрнекті театр және кино актрисасы Ғазиза Әбдінәбиеваның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

«Ғазиза Мәкешқызы әр жылдары Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында және М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет жасады. Бірқатар отандық фильмдер мен телесериалдарда басты рөлдерді сомдап, көрерменнің жоғары бағасын алған еді. Ол әрбір қазақстандықтың жадында жарқылдап, жадырап жүретін бейнесімен қалды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – делінген жеделхатта.

Ғазиза Әбдінәбиева 1948 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданында туған. Қазақ ұлттық консерваториясының (бұрынғы Алматы консерваториясы) «актерлік шеберлік» факультетін бітірген.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылтай – ортақ пікір мен бірліктің алаңы

Қоғамның тұрақты дамуы мен ел болашағын қалыптастыруда өзара түсіністік, қоғамдық келісім мен бірліктің маңызы зор. Осы бағытта Құрылтай –...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика