spot_img
Сәрсенбі, Желтоқсан 11, 2024
-8.8 C
Kokshetau

«Отаныма деген менің бастамам»: Облыстық шығармашылық жобалар байқауы мәреге жетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы «Отаныма деген менің бастамам» облыстық сырттай шығармашылық жобалар байқауының қорытындысы шықты,-деп хабарлайды «Aqmola News».

«Асыл тастан, өнер жастан шығады» деп ата-бабамыз айтқандай алған білімдерін сараптау мақсатымен шығармашылық жобалар байқауына Ақмола облысының 8 ауданы мен 2 қаладан дарынды балаларға арналған мектеп-интернатынан (Көкшетау, Степногорск) жалпы саны 53 жұмыс қабылданды.
Байқау жеңімпаздарын келесі құрамдағы білікті қазылар алқасы бағалады:
Назарова Қарлығаш Қайыржанқызы – Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогигалық колледжінің қазақ тілі және әдебиет мұғалімі;
Еламанова Алина Бахытжановна – Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің Жаратылыстану магистрі;
Шапкенов Амангельды Асқарбекович – Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің тарих мұғалімі;
Джумабекова Куралай Габдулгамаровна – «Ана үйі» қоғамдық қорының меңгерушісі;
Гоманова Александра Александровна – «Жас Отан» жастар қанатының кеңесшісі.
Байқау балалар мен жастардың назарын өзекті әлеуметтік проблемаларға аударуға, балалар мен жастардың азаматтық және құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған.

Қатысушылар өз жұмыстарын он номинация бойынша ұсынды: «Өз жылуыңмен бөліс», «Туған қалаға – игілікті істер», «Мен – Қазақстанның азаматымын», «Медиа жобалар», «Менің кіші Отаным», «Қазақстанның жеті кереметі», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Жаңғырту полюсі», «Киіз үй-ғаламның моделі», «Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік».

«Біздің еліміздің баға жетпес байлығы – қоғамдық келісім және халықтардың достығы. Барлық этностардың мәдени ерекшелігін сақтау жағдайында өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілде оқытудың мақсат ету, қазақстандық қоғамның жалпыұлттық рухани және мәдени құндылықтары мен дәстүрлеріне жасөспірімдерді тарту» – дейді «Мен – Қазақстанның азаматымын» номинациясының 2 орын иегері Адильбекқызы Аружан.

Номинация жеңімпаздары конкурстың республикалық кезеңінде Ақмола облысының намысын қорғайды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола жеңіл атлеттері «Куала-Лумпурдағы халықаралық жарыстарда жеңіске жетті

Көкшетау қаласының спорттық өміріндегі маңызды оқиға Малайзия астанасы Куала-Лумпурда өткен есту қабілеттері бұзылған  спортшылар арасында X Азия — Тынық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img