spot_img
Жұма, Сәуір 26, 2024
5.2 C
Kokshetau

Көкшетауда кадрлар даярлаудағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласы жоғары техникалық колледжінде «Еңбек нарығының заманауи тенденцияларын ескере отырып ТжКБ білім беру бағдарламаларын түрлендіру» атты онлайн халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылуда. Жиында кадрлар даярлаудағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі. 

Колледжде оқу-өндірістік орталықтарында және шеберханаларында тәжірибеге бағдарланған оқыту үшін жағдайлар жасалды.
Дуальді оқыту шеңберінде колледж «Тыныс» АҚ-мен табысты ынтымақтастық жасайды, колледж студенттері WorldSkills Kazakhstan республикалық чемпионатында жүлделі орындарға ие болады, өңірдегі еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, кадрларды даярлауды белсенді түрде жүргізеді.
Конференцияны өткізу мақсаттары халықаралық тәжірибені интеграциялау арқылы заманауи еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес білім беру, кәсіптік оқытудың үздіксіздігі мен сабақтастығын жүзеге асыру, Ecvet әдіснамасына сәйкес кәсіби стандарттар негізінде жасалған білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша өзекті мәселелерді талқылау және дуалды оқыту арқылы кәсіпорындармен ынтымақтастықты жетілдіру болып табылады.


Конференцияға қатысуға 300-ден астам адам өтініш білдірді. Жалпы отырыста және 4 секцияда 36 баяндама жасау жоспарланған.
Қатысушылардың кең географиясы конференция тақырыбының өзектілігін және оның шеңберінде қарастырылатын мәселелерді растайды.
Конференция қатысушылары:
«NurOtan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бекмагамбетов Г.М., ҚР БҒМ ТжКБ департаменті, «Талап» КЕАҚ, Ақмола облысының білім басқармасы, Еңбек департаменті, Дүниежүзілік банктің жобаларды басқару тобының өкілдері, жұмыс күшін даярлау жөніндегі маман Койлыбаева С.А., «Тыныс» АҚ бас директоры Султангареев А.А., Ресей, Беларусь және Қазақстанның оқу орындарының өкілдері, Жоғары техникалық колледждің оқытушылары мен өндіріс оқыту шеберлері.

Пленарлық отырыстың соңында өзара іс–қимыл жасаудың басқа да нысандарын ұйымдастыру арқылы қонақ дәрістерін, семинарларды, тренингтерді және өзара іс-қимылдың басқа да нысандарын ұйымдастыру арқылы тәжірибе алмасу үшін Беларусь Республикасының Республикалық кәсіптік білім беру Институтымен және Ақмола облысының білім басқармасымен, сондай-ақ Санкт-Петербург қаласындағы электроника және аспап жасау колледжі мен Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі арасында тәжірибе алмасу үшін білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою рәсімі өтті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img