spot_img
Сейсенбі, Сәуір 23, 2024
10.2 C
Kokshetau

«Науан Хазірет» атындағы орталық мешітінде екпе егу пункті ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы «Науан Хазірет» атындағы орталық мешітінің асхана бөлімінен екпе егу пункті ашылды. Енді мешітке келушілер осы арқылы коронавирус індетіне қарсы вакцина алуына болады,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі. 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Сабитовтың айтуынша, бұл іс шара Көкшетау қалалық санитарлық эпидемиялогиялық қызмет орталығымен бірлесіп, атқарылуда.

Негізгі мақсат – Ораза айында мешітке келуші жамағаттың екпе алуына ыңғайлы жағдай туғызу. Жақында еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы дін тұрғысынан Ораза уақытында екпе алуға қатысты пікір білдірді. Яғни, ауыз бекіткен адам екпе алғысы келсе, оған шариғат рұқсат етеді. Ораза ұстаған жағдайда екпе алса, одан оразасы бұзылмайды. Бүгін осында мешіт ұжымы барлығымыз тиісті екпені алдық,-дейді бас имам.

Өңірдің бас имамының пікірінше, адам денсаулығы Жаратқаннан берілген аманат. Сондықтан оған бей-жай қарауға болмайды, әркім өзінің саулығы үшін күресуге тиіс. Бұл тұрғыда мешіт қызметкерлері тұрғындарға вакцина алуға кеңес береді.

Көкшетау қаласының бас санитарлық дәрігері Қанат Ысқақовтың айтуынша, мұндай екпе егу пункттерін алдағы уақытта адам көп жиналатын орындарға шоғырландыру көзделген.

Біз қазіргі уақытта «Цум», » Арбат» және халыққа қызмет көрсету орталығынан ашуды қарастырудамыз,-деді Қанат Ысқақов.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінде қалада барлығы 10 екпе егу пункттері жұмыс істеуде. Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өңірде 9 684 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды.

 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазіргі бақылау мен тексерістердің өз ерекшеліктері бар

«Бизнесті тексеру – бұл айналып келіп, бір қақпаға соға беретін доп ойыны емес» деген тақырыпта жазылған газет бетінде бір...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img