spot_img
Бейсенбі, Сәуір 18, 2024
16.3 C
Kokshetau

Бестамақтағы шошқа фермасының жұмысы тоқтатылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақтөбе облысына қарасты Бестамақ ауылындағы шошқа фермасының жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Уәкілетті органдар Алға ауданы Бестамақ ауылында орналасқан «Парижская коммуна XXI» ЖШС кәсіпорнының қалдықтарын заңсыз көмуге қатысты жергілікті тұрғындардың наразылығы негізінде тексеру жұмыстарын жүргізіп, соның нәтижесінде экология, жер және ветеринария заңнамаларына сәйкес заңбұзушылықтарды анықтаған.

«Анықталған заңбұзушылықтар бойынша аталған мекемені әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданды. Соттың шешімімен Ақтөбе облыстық экология департаментінің сарқынды суларды ағызу мен көң сақтау қызметін тоқтата тұру туралы 2 талап-арызы қанағаттандырылды.  Сондай-ақ сарқынды суларды және көң қоймаларын ағызу бойынша сот шешімдері осы жылдың 18 наурызы мен 26 наурызында заңды күшіне еніп, соттың шешімін орындау үшін сот орындаушыларға берілді», – деп жазды облыстық әкімдіктің баспасөз хатшысы Ғани Жәпішов Fаcebook-парақшасында.

​​Сот орындаушылар 1-2 сәуір күндері сарқынды суларды және көң қоймасын ағызуды тоқтатуға қатысты сот шешімін бір аптаның ішінде орындау туралы хабарлама жолдаған.

​Алайда, «Парижская коммуна XXI» ЖШС тарапынан сот шешімдерін орындау бойынша тиісті шаралар қабылданбады және оларды орындау үшін ниет білдірмеген.

​​Осыған байланысты, сот шешімін орындау мақсатында 9 сәуірде сот орындаушылары объектілерді жаңалау және құбырларды дәнекерлеу жолымен сарқынды суларды және көң қоймаларын ағызуды тоқтату бойынша іс-шаралар жүргізді.

«Мемлекетіміздің заңнамасына сәйкес кәсіпорын жабылғаннан кейін қоршаған ортаға келтірілген жағымсыз әсердің салдары үшін кәсіпорын иесі жауапты болады.

​Сонымен қатар, бұл кәсіпорынның 2020 жылдың соңынан бастап экология, жер және ветеринария талаптарының заңбұзушылықтарын жою бойынша шаралар қабылдау үшін жеткілікті уақыты болғанын да айта кету керек», – делінген жазбада.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық ардагерлер Жеңіс күніне 3 миллион теңгеден алады

Биыл   Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай облыс майдангерлеріне төленетін төлемақы ұлғайтылып, әрқайсысы 3 миллион теңгеден алады. Елімізде...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img