spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 24, 2024
3.9 C
Kokshetau

Көкшетауда №4 мектептің бас есепшісі өз-өзіне 5,6 млн теңге «жалақы» аударған

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда №4 орта мектептің директоры өзіне «байқамай» 5,6 миллион теңге жалақы төлепті. Бұл туралы ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жүргізілген аудиттік тексеріс кезінде мәлім болған, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Көкшетау қаласының білім бөліміне қарасты №4 орта мектептегі заңсыз «жалақы» туралы Е. есімді азамат хабар беріп, жалақы төлемінің аударымының дұрыстығы мәселесі бойынша тексеріс жүргізуін сұрапты.
Департамент сарапшыларымен бюджетке қайтарылуы тиіс 5 605,3 мың. теңге сомасында қаржылық заңбұзушылық анықталған. Аудит өткізу барысында 1 001,0 мың теңгесі бюджет кірісіне қайта аударылған.
«№4 орта мектептің бас есепшісі 2019 жылдың 1 қаңтарынан 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін жалақы төлеу кезінде өз-өзіне 1 жылдан 2 жылға дейінгі өтіл кезінде қолданылатын 3,31 коэффициентімен негізсіз төлем жүргізгені анықталды. Сондай-ақ бас есепші 2020 жылдың 1 қаңтарынан бстап 1 шілдесіне дейінгі уақытта да 1 жылдан 2 жылға дейінгі еңбек өтілінде қолданылатын 4,19 коэффициентін пайдаланып тағы да өзіне негізсіз «жалақы» аударған болып шықты. Бас есепшінің 2018 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі жалақысы қайта есептелді. Тексеріс барысында төленетін жалақының бәрі 2 085 558,49 теңгені құрғаны анықталды», – дейді департаменттің баспасөз қызметінен.
Сонымен ішкі мемлекеттік аудит жүргізген сарапшылар төмендегідей «картинаға» куә болыпты.
– 2018 жылдың екінші жарты жылдығында – 477 028,92 теңге;
– 2019 жылы – 780 369,62 теңге;
– 2020 жылы – 828 159,95 теңге;
Яғни, іс жүзіндегі есеп бойынша барлығы 7 690 897,56 теңге аударылған. Оның ішінде:
2018 жылдың екінші жарты жылдығы үшін – 604 046,94 теңге;
2019 жыл үшін – 3 926 771,57 теңге;
2020 жыл үшін – 3 160 079,05 теңге;
Сонымен жалақы бойынша негізсіз жалақының сомасының жалпы есебі 5 605 339,07 теңгені құраған. Оның ішінде:
– 2018 жылдың екінші жарты жылдығы үшін – 127 018,02 теңге;
– 2019 жыл үшін – 3 146 401,95 теңге;
– 2020 жыл үшін – 2 331 919,1 теңге.
Қазір аталған материалдар Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне тапсырылған. Сыбайлас жемқорлық қызметі №4 орта мектебінің бас есепшісіне қатысты қылмыстық іс қозғап, материалдар соттың қарауына жолданған.
Аудит нәтижелері бойынша аталған нысанға орын алған заңбұзушылықтарды жою және қылмыстың орын алған тұлғалардың жауапкершілігін қарастыруға нұсқау беріліпті. Нұсқауға берілген жауапқа сәйкес бюджет кірісіне 499,0 мың. теңге кері қайтарылған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазіргі бақылау мен тексерістердің өз ерекшеліктері бар

«Бизнесті тексеру – бұл айналып келіп, бір қақпаға соға беретін доп ойыны емес» деген тақырыпта жазылған газет бетінде бір...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img