spot_img
Сейсенбі, Мамыр 14, 2024
7.2 C
Kokshetau

Ғашықтар күні қарсаңында «Қозы менен Баяндай» байқауына өтініш беру басталды

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы мен «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі» ғашықтар күніне орайластырып, «Қозы менен Баяндай» атты қалалық байқауын өткізеді. Байқау 15 сәуір күні өткізіліп, қорытындысы шығарылмақ,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.
Байқауды өткізудегі мақсат- ғашықтар күні мерекесінде жастардың санасына достық, адалдық, сыйластық сезімдерін сіңіру. Бір-біріне деген құрметтерін арттыру. Бүгінгінің Қозысы мен Баянын көпшілікке насихаттау. Жастардың бойында өжеттілік пен алғырлықты, жан-жақтылық пен білімпаздықты қалыптастыру. Өнерлерін шыңдауға мүмкіндік беру, өздерін топ алдында ұстауға, сөз сөйлеуге машықтандыру. Жастардың бір-бірімен жақын танысып, аралас-құралас болуына жағдай тудыру,-дейді ұйымдастырушылар.
Байқау шарттары:
– Байқауға қатысуға өтінім ұсыну;
– Байқауға 16-25 жас аралығындағы жұптар қатыса алады;
– Байқауға қатысу үшін ruhani.jangyru парақшасына тіркеліп, соңғы 10
постқа лүпіл, пікір (лайк, комментарий) қалдыру;
Байқаудың өткізілу тәртібі:
– Байқау төрт кезеңнен тұрады.
1. Таныстыру. (Қатысушы үміткер жұптар өздерін қызықты етіп таныстыруы қажет.) Таныстыру ұзақтығы 3 минуттан аспауы тиіс;
2. Өнер. (Ән, би, театрландырылған қойылым) ұзақтығы 5 минуттан аспауы қажет;
3. Сұрақ жауап. (Еңлік пен Кебек, Қалқаман мен Мамыр, Қыз Жібек пен Төлеген, Қозы Көрпеш пен Баян сұлу, Ләйлі мен Мүжнүн секілді ғашықтарға қатысты сұрақтар) 5 минуттан аспауы тиіс;
4. Бейне ролик. (Еркін тақырыпта бейне роликтер) 3-5 минут аралығында;
– Қосымша файлда қатысушының толық аты-жөні, жеке куәлігінің көшірмесі, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс телефондары көрсетілуі шарт;
– Өтінім 2021 жылдың 12 сәуіріне дейін қабылданады, мерзімінен кеш ұсынылған өтінімдер байқауға қабылданбайды және қазылар алқасы тарапынан қаралмайды;
– Байқауға ұсынылған бейне ролик «Бейне роликтің тақырыбы», «Бейне роликтің мәнділігі», «Бейне жазба сапасы» сияқты критерийлер арқылы арнайы тағайындалған қазылар алқасымен бағаланады.
– Дайын бейне жазбаны Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің uvp_ruh@aqmola.gov.kz электрондық мекен-жайына немесе +7 775 841 10 39 нөмірі бойынша Whats app мобильдік мессенджері арқылы жолдауы тиіс;
– Арнайы бекітілген қазылар алқасының шешімімен байқауда Бас жүлде және I, II, III орынды иеленген қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталады, сондай-ақ ынталандыру сыйлықтары да қарастырылған;
Іс-шараның өтетін орны: «Қоғамдық келісім» коммуналды мемлекеттік мекемесі, Көкшетау қаласы., 2/5 үй.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Су тасқынынан зардап шеккен 27 атбасарлық отбасы баспаналы болды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Атбасар ауданына жұмыс сапарымен барып, онда көктемгі су тасқыны салдарынан үйлері жарамсыз деп танылған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img