spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
16.6 C
Kokshetau

Мемлекет басшысы Ақмола және СҚО әкімдерімен телефон арқылы тілдесіп, тапсырмалар берді

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті. Әкімдер Президентке өңірлердегі қазіргі ахуал туралы баяндады, деп хабарлайды Aqmola News Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook парақшасындағы мәліметке сүйене отырып.

«Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, су тасқынының алдын алу шаралары, вакцина салу барысы, Аршалы және Целиноград аудандарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселелері, Президенттің Қосшы ауылының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдық жағдайын жақсартуға қатысты бұған дейін берген тапсырмасының орындалу барысы жайында ақпарат берді. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов аймақтағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, су тасқынын болдырмауға қатысты қабылданып жатқан шаралар, көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық барысы, жұмыс күші көп өңірлерден Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударып жатқан азаматтарды «Еңбек» бағдарламасы бойынша баспанамен қамту мәселесі жайында айтты» деп жазады Берік Уәли.

Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Маржықпаев пен Құмар Ақсақаловқа аймақтардағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға, көктемгі егіс науқанын жоғары деңгейде атқаруға және тағы да басқа мәселелерге қатысты бірқатар тапсырма берді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов: «Бізге көзбояушылық қажет емес, нақты істер қажет!»

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img