spot_img
Жұма, Сәуір 19, 2024
24.2 C
Kokshetau

Ақмолалық диқандар көктемгі егіс науқанына қамданып жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық диқандар көктемгі егіс жұмыстарына әзірленуде. Биылғы жылы облыс бойынша 4,9 миллион гектар егістік алқапқа дән себу жоспарланған, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде жаздық бидайға басымдық беріліп отыр. Көктемгі дала жұмыстарын ұйымшылдықпен өткізу арқылы мол өнім алуға болады. Осыны түсінген ақмолалық диқандар науқанға қызу кірісіп отыр. «Облыста арзандатылған бағамен 70 мың тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінді. Жалпы, ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы – 98 пайыз. Жаңа 133 техника сатып алынды», – деді ведомстводан.

Тұқым дайындау және тыңайтқыштармен жұмыс істеу мәселесіне ерекше назар аударылады. Бүгінде облыста аккредиттелген зертханаларда 450 мың тоннадан астам тұқымға толық талдау жүргізілуде. Минералды тыңайтқыштарды жеткізуге шарттар жасалды. Жарқайың ауданының «Темірлан» ЖШС директоры Ерлан Алин болашақ егіс алқабы туралы өз жоспарын бөлісті.

«Биыл бізде 45 мың гектар жерге егін егу міндеті қойылған, оның 41 мың гектарынан астамына бидай, 3 мың гектарына арпа, 200 гектарына сұлы мен қарақұмық егіледі. Егіс жұмыстарын мамыр айының ортасында бастауды жоспарлап отырмыз», – деді кәсіпкер.

Фермерлерге «Кең дала» бағдарламасы бойынша жылдық 5 пайызбен арзандатылған несие түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Диқандарды қолдау ретінде 17 миллиард теңге қаржы бөлініп отыр.

Айта кетейік, ағымдағы жылы облыс диқандары 4,9 миллион гектарға тұқым себуді межелеп отыр. Оның 4,5 миллион гектары – дәнді бұршақ дақылдары, 216 мыңы – майлы дақылдар, 200 мыңы – жаздық дақылдар, сондай-ақ, 15,6 мың гектарға картоп және 3,4 мыңнан астам гектарға көкөніс отырғызылады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Тіл – ұлттың жаны» , – Біржан Қайыр

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Көкшетау қаласының 1 мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімі Біржан Қайыр. Ол Ақмола облысы Біржан Сал...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img