spot_img
Бейсенбі, Наурыз 28, 2024
4.2 C
Kokshetau

Асқар Мамин өңір әкімдеріне көктемгі егіс жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңірлер әкімдерінің алдында көктемгі егіс жұмыстарын сапалы жүргізу міндет тұр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Асқар Мамин «Көктемгі егіс жұмыстарын сапалы әрі уақтылы жүргізу елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды факторларының бірі болып табылады. Былтыр пандемияға қарамастан егіс жұмыстары өте жоғары деңгейде жүргізілді. Агротехнологиялар дәл сақталып, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдары уақтылы салынды. Бұл мол астық жинауға мүмкіндік берді», – деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, биыл Үкімет көктемгі егісті қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шешімдерді қабылдады. Бюджеттік кредит берумен қатар биылғы жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген қаражаттың көлемі 24,5 млрд теңгеден 45,3 млрд теңгеге дейін артты.

«Сондықтан осы механизмді пайдалана отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуға ерекше назар аудару керек. Жалпы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңірлер әкімдерінің алдында барлық көктемгі егіс жұмыстарын сапалы жүргізу бойынша нақты міндет тұр. Осы мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырамын. Экология министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, республиканың оңтүстік өңірлерінде, оның ішінде ұзақ мерзімді перспективада суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын», – деді Асқар Мамин.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қылшақты өзені арнасынан асып, маңайындағы үйлер суда қалды

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Көкшетау қаласының Қылшақты өзені дала суларының жиналуына байланысты арнасынан  асып, қызыл су маңайындағы жеке үйлерге...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img