spot_img
Сейсенбі, Шілде 23, 2024
27.2 C
Kokshetau

Абыройлы қызметте ел үшін еңбек етіп жүргенімді мақтан етемін – Анастасия Астафьева

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақ спортында халықаралық дүбірлі додаларда топ жарып, еліміздің абыройын асқақтатып, беделін өсіріп жүрген арулар аз емес. Сондай жанның бірі – есімі қазір спортсүйер қауымға жақсы таныс, Степногор қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Анастасия Астафьева.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органындағы еңбек жолын 2015 жылы Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Зеренді ауылы №14 өрт сөндіру бөлімінде радиотелефонист лауазымынан бастаған ол қазіргі таңда ол Степногор қаласы бойынша Төтенше жағдайлар басқармасында инженер болып қызмет атқарады.

Осы қысқа уақыттың ішінде ол мол тәжірибе жинақтап, әріптестерінің мақтанышына айналған Анастасия Астафьева талай асуды бағындырып та үлгерген. Атап айтсақ, Анастасия республикамыздың шығу сатысымен көтерілуден рекордсмен.

Сонымен қатар, ол 2019 жылы Саратов қаласында өткен өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғап, күміс жүлдеге қол жеткізді. Қазақстанның атын 30-дан астам елдің спортшылары қатысқан халықаралық чемпионатта абыроймен алып шықты.

Анастасия Астафьева ҚР Ұлттық құрамасының құрамында 2019 жылдың ақпан айында өткен үшінші әлем чемпионатында өнер көрсетті, осы додада еліміздің құрамасы жалпыкомандалық үшінші жүлделі орынға ие болды. Азаматтық қорғау органдарында қызмет атқару барысында өрт-құтқару спортының дамуына елеулі үлес қосқанын және халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алғанын атап өткен жөн. Қазақстан Республикасының өрт-құтқару спорты бойынша құрама командасының құрамына кіреді. «Оқу мұнарасының екінші қабатының терезесіне сатымен көтерілу» бойынша Қазақстан Республикасының қазіргі рекордсмені және Қазақстан Республикасының 5 дүркін чемпионы.

Өскемен қаласында өткен Қазақстан Республикасының қысқы чемпионатында «Оқу мұнарасының екінші қабатының терезесіне шығу сатысымен көтерілу» бойынша бірінші орын иеленді. Ұдайы жаттығып, өзінің дене шымырлығын жетілдіріп отыратын оның алған асуынан, бағындырары белестері көп. Батыл, қайтпас қайсар, темірдей тәртіп пен таусылмас төзім. Аталған қасиеттердің барлығы құтқарушы деген қадірлі мамандық иесі Анастасияның бойынан көруге болады. Жұмысының әр күнін тәуекелге бел байлап өткізетін ол мамандығын мақтан тұтады.

«Қалай болғанда да құтқарушы қауіпі мен қатері бар қызмет қой. Десе де, осындай абыройлы қызметте ел үшін еңбек етіп жүргенімді мақтан етемін», – дейді Анастасия Астафьева.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Дәрі-дәрмектерді таңбалау және бақылау ережелерI

2024 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 28 маусымдағы «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img