spot_img
Сенбі, Мамыр 4, 2024
7.3 C
Kokshetau

«Көктем-2021»: Ақмолада төтенше оқиғалар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері пысықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында «Көктем-2021» Республикалық командалық – штабтық оқу-жаттығулары өтті. Іс-шараға құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, полиция қызметкерлері, ұйым басшылары қатысты, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше тактикалық оқу-жаттығулар мен тексерулер азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің және халықтың көктемгі кезеңде төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігінің, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының көктемгі кезеңде төтенше жағдайларға жедел ден қоюға әзірлігінің жеткілікті жоғары деңгейін көрсетті.

Оқу-жаттығу барысында екі күн қатарынан Атбасар, Целиноград ауданында және Көкшетау қаласында барлық санитарлық-эпидемиологиялық және карантиндік нормаларды сақтай отырып, нақты уақыт режимінде төтенше оқиғалар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері пысықталды.

Жаттығуға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары, облыстық, қалалық және аудандық шұғыл ден қою жасақтары, авариялық-құтқару қызметтерінің құрамалары, әскери бөлім барлығы 1000-нан астам адам тартылды.

«Екі күн бойы облыс аумағында оқу-жаттығу өтті. Аңыз бойынша, ауа температурасының күрт көтерілуі, қардың қарқынды еруі және өзендерде кептелістердің пайда болуы нәтижесінде Ақмола облысының елді мекендерін су басты. Азаматтық қорғау күштері мен құралдары топтарының осы елді мекендерге жедел шығуы дереу ұйымдастырылды. Құтқарушылар су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенін ұйымдастырды. Оқу-жаттығу жоғары деңгейде өтті деп есептеймін, барлық қатысушылар өз білімдерін көрсетті», – деді Ақмола облысы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.

Су тасқынына қарсы алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында елді мекендерден және ғимараттар мен құрылыстардың шатырларынан, сондай-ақ үй маңындағы учаскелерден, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарынан қар шығару, арықтарды, арналарды, автомобиль және теміржол көпірлерінің су өткізу құрылыстарын сең жүру мен тасқын суларды өткізуге тазарту және дайындау, қорғау бөгеттерін, бөгеттер мен үйінді құрылыстарын нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді. Мектептерді еріген судан қорғау мақсатында ТЖ қаптары инертті материалмен төселді. Сондай-ақ оқу орындарында, ұйымдарда, кәсіпорындарда көктемгі су тасқынынан туындаған төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ХАЛЫҚТЫҢ ЖАЙЛЫ ТҰРМЫСЫ ҮШІН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАЛАДЫ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Бұл қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img