spot_img
Сенбі, Шілде 27, 2024
19.2 C
Kokshetau

Ақмолада 1 наурыздан бастап мектеп асханалары жұмыс істей бастайды

Сондай-ақ...оқыңыз

1 наурыздан бастап Ақмола облысында мектеп асханалары карантиндік талаптарды ескере отырып жұмыс істей бастайды. Бұл туралы өңірдің бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина мәлімдеді, деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі.

«Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын жеңілдету туралы» 2021 жылғы 24 ақпандағы өңірдің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оған сәйкес, білім беру объектілеріндегі тамақтандыру нысандарының жұмысына рұқсат берілді. Бұл ретте, ас залында бір мезгілдегі балалардың саны 60-тан аспауы, отыратын орындардың 50 пайызынан артық қолданылмауы қажет,-деді өңірдің бас санитар дәрігері.

Сонымен бірге, мектеп асханалары қызметшілері жұмысқа шығар кезде бір рет COVID-19-ға ПТР әдісімен тексерілуі тиіс.

Жаңа қаулы 2021 жылғы 1 наурыз күні сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

Еске салайық, Ақмола облысында 27 ақпаннан бастап бірқатар өзге де шектеулер алынатынын хабарлаған болатынбыз.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Бұланды ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа тұрғын үйлердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img