spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 6, 2024
13.2 C
Kokshetau

Бүгін – Алғыс айту күні

Сондай-ақ...оқыңыз

1 наурыз – Алғыс айту күні. Бұл күн – бейбітшілік пен достыққа, тыныштық пен ынтымаққа үндейтін мереке. Бұл кеңқұшақ құрмет еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
Алғыс айту күні халқымыз үшін айтулы ізгі дәстүрге айналды.
Қазақстан халқы бүгін тарихында алтыншы рет Алғыс айту күнін атап өтеді.
2016 жылдың 14 қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жарлыққа қол қойып, оған сәйкес, 1 наурыз – елімізде Алғыс айту күні деп жарияланды.
Айта кетерлігі, дәл осы 1 наурыз күні елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын.
Н. Назарбаев 2015 жылдың 22 сәуірінде Ассамблеяның XXII сессиясында Алғыс айту күнін белгілеуге не түрткі болғанын тарихпен байланыстыра отырып айтып берген еді. Тұңғыш Президент сталиндік режім кезінде Қазақстанға көптеген халықтар жер аударылғанын – 800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 550 мың Солтүстік Кавказ халқының өкілдері, 18,5 мың Қиыр Шығыстағы корей отбасылары көшіп келуге мәжбүр болғанын еске салған болатын.
Тағдырдың тәлкегімен елімізге қоныс аударған түрлі этнос өкілдерін қазақ халқы құшақ жая қарсы алып, ауыртпалық атаулыны бірге көтерді. Бұл күн – қиын-қыстау кезеңдерде қуаныш-қайғыны бөлісіп, пана бола білген қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің алғыс айтатын күні.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img