spot_img
Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
15.6 C
Kokshetau

Қазақстанда ақпан айында тұрғын үй қымбаттады – Krisha.kz

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанда ақпан айында тұрғын үй орташа есеппен 3,5 пайызға қымбаттады. Krisha.kz сарапшыларының айтуынша, тұрғын үй бағасы көпжылдық рекордтқа жетті, деп хабарлайды «Aqmola News»

Тұрғын үй бағасының қымбаттауы Ақтау, Орал мен Атырау қалаларында ең жоғары көрсеткішке жетті. Айта кету керек, бұл облыстар зейнетақы жинақтарын алу мөлшері бойынша көш бастап тұр. Ақтауда тұрғын үйдің бір шаршы метр 13,1 пайызға өсіп, 216 975 теңгеге жетті. Бұл соңғы үш жылдағы максимум көрсеткіш.

Екінші орында – Орал (+7,8 пайыз) қаласы тұр. Мұнда бір шаршы метрдің бағасы 246 550 теңге тұрады. Бұл соңғы 5 жылдағы максимум. Тұрғын үй бағасының өсімі бойынша Атырау қаласы үшінші орында тұр. Ақпан айында бұл қаладағы тұрғын үйдің шаршы метрі 296 700 теңге тұрады.

Өскемен, Ақтөбе қалаларында пәтер бағасы 4,3 пайызға (309 350 теңге), Қызылордада (162 925 теңге) 4 пайызға қымбатады. Семейде индекс 3,3 пайызға өсіп, бір шаршы метр бағасы 244 925 теңге болды. Петропавлда қымбатшылық индексі – 2,9 пайыз (шаршы метрі 244 925 теңге), Талдықорғанда – 2,7 пайыз (шаршы метрі 266 800), Қостанайда – 2,5 пайыз (260 175).

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалықтар отан қорғаушыларына алғыс білдіруде

Отан қорғаушылар күні қарсаңында біздің жүрегіміз мақтаныш пен Еліміз үшін күрескендер үшін алғысқа толы! ҚХП Ақмола облыстық филиалы төрағасының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img