spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 8, 2024
16 C
Kokshetau

«Қазақфильм» тарихи көркем фильм түсірілімін бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Алматы облысы Панфилов ауданы Көктал ауылының маңында режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» толықметражды тарихи көркем фильмінің түсірілімдері басталды. Кинотуындыны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы түсіреді, деп хабарлайды «Aqmola News» киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ауа райының уақытша суығаны түсіру тобына қыс мезгіліндегі табиғатты түсіріп алуға мүмкіндік берді. Өндіріс кестесіне сәйкес, 2 күннен кейін түсірілім тобы өз жұмыстарын жалғастыру үшін Кеген ауылының маңына көшеді. Фильмде Қазақ хандығында Қасым хан билік еткен кездер мен мемлекет өркендеп, Шығыс Дешті-Қыпшақтың кең аумағына бақылау орнатылғаны туралы баяндалады. Дәл осы жылдары қазақтар дербес этникалық қауымдастық ретінде біздің аумақтан тыс жерлерге де белгілі болды», – деп жазылған хабарламада.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалықтар отан қорғаушыларына алғыс білдіруде

Отан қорғаушылар күні қарсаңында біздің жүрегіміз мақтаныш пен Еліміз үшін күрескендер үшін алғысқа толы! ҚХП Ақмола облыстық филиалы төрағасының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img