spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 8, 2024
16.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 48 көппәтерлі үйдің құрылысы жүргізілуде, оның 28-і биыл пайдалануға беріледі.

«Жаңа жобалар биыл бірқатар аудандарда жоспарланып отыр. Оның ішінде Ақкөл ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 45 пәтерлі тұрғын үй, Шортанды ауданында 36 пәтерлі тұрғын үй, Көкшетау қаласында 4 үй бар. 2021 жылы жалпы ауданы 38,9 мың шаршы метр болатын 11 көппәтерлі тұрғын үйді немесе 594 пәтерді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті құрылыс басқармасындағылар.

Айта кетейік, жетім балаларға, көп балалы аналарға және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарына арналған жаңа құрылыстар Көкшетау, Ақкөл, Бұланды, Ерейментау, Целиноград, Егіндікөл, Шортанды аудандарында, Біржан сал ауданында және Степногор қаласында салынады. Жалпы, мемлекеттік бағдарламалар бойынша 2021 жылы 616 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Ақмола облысында «7-20-25, әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бүгінде өңір аталған бағдарламаны жүзеге асыруда бесінші орында тұр. Түскен 1663 өтінімнің 1224 мақұлданып, 11,2 миллиард теңгеден астам сомаға қарыз берілді. Жалпы облыста тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша оң динамика байқалады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 574 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 5000 пәтер пайдалануға берілді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img