spot_img
Сейсенбі, Ақпан 18, 2025
-3.8 C
Kokshetau

Наурыз, Наурыз: Театр мерекелік бағдарламалармен есігін айқара ашады

Сондай-ақ...оқыңыз

Наурыз айында  Шахмет Құсайынов атындығы облыстық қазақ драма театры көрермендеріне жаңа премьералар мен концерттік бағдарламалар ұсынады. Енді ақмолалықтар театр репертуарындағы барлық қойылымдарды  театрға келіп тамашалауына болады. Бұл сүйінші жаңалықты өнер ордасының баспасөз қызметі жеткізді,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі. 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

1 наурыз күні театрда «Жаса, Наурызым!» атты концерттік бағдарламасы қойылады. ҚР «мәдениет қайраткері» төс белгісінің иегері режиссер Қайрат Мырзаболатовтың қойылымына театр әртістері тыңғылықты дайындалуда.

Театрдың тағы бір жаңалығы 10 наурызда өтетін – тарихи драмаға негізделген «Шыңғыс хан» премьерасы! Қойылымның режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері  Мұратбек Оспанов.

17-21  наурыз аралығына «Отбасылық құпия» атты комедия жоспарланған.

Ал Ұлыстың ұлы күні 22-наурызда театр келушілерін «Армысың, Әз-Наурыз!» атты  концерттік бағдарламасымен қуантпақ.

26-28 наурыз аралығында «Қадір таңы» атты психологиялық драмасы қойылса, 31 наурызда театр бұл айды У.Шекиспирдің «Ромео мен Джульетта» трагедиясымен қорытындыламақ.

«Спектакльдер әлеуметтік ара қашықтықты сақтай отырып, бетперде киіп өткізіледі. Келушілердің дене қызуы өлшенеді. Егер температурасы 37-ден жоғары болса, көрермен залына өткізілмейді,-деді театрдың баспасөз қызметінен.

Ескерте кететін бір жайт, өңірдегі эпидахуалға байланысты көрермендер залының 20 пайызын ғана толтыруға рұқсат етілген. Сол себепті билеттер сатылымы да осы көлемге ғана шақтап сатылатын болады.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Altyn Qala!» – Ұлттық басылымның бірі!

Автор : Қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиев. 2 ақпан Ұлттық басылым күні аталып өтіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img