spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
17.5 C
Kokshetau

Ақмола облысында 5 ауданға прокурор тағайындалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ағымдағы жылдың 17 ақпандағы бұйрығымен Ақмола облысының бес ауданынының прокуроры ауысты,-деп хабарлайды «Aqmola News»
Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Зеренді ауданының прокуроры болып Асқар Балталыұлы Байжанов, Есіл ауданының прокуроры болып Асхат Әміржанұлы Қабдушев, Біржан Сал ауданының прокуроры болып Самат Сапарбекұлы Нұрманбеков, Бурабай ауданының прокуроры болып Бағдат Қайратұлы Шерәлі, Қорғалжын ауданының прокуроры болып Жандос Жұмабайұлы Нұржанов тағайындалды
А.Б.Байжанов 1981 жылы туған.
Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Прокуратура органдарындағы қызметін 2002 жылы бастаған. Әр жылдары Ақмола мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының орынбасары, Ерейментау және Сандықтау аудандары прокурорларының орынбасары қызметтерін атқарған. Астрахан ауданының прокуроры болған. Осы уақытқа дейін Бурабай ауданының прокуроры лауазымында қызмет атқарған.
Прокуратура органдарында 18 жылдан астам қызмет өтілі бар.
Сыныптық шені-әділет кеңесшісі.
А.А.Қабдушев 1979 жылы туған.
ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы бастаған. Әр жылдары Ақмола мамандандырылған прокурорының көмекшісі, Ақмола табиғатты қорғау прокурорының көмекшісі, Жақсы, Аршалы, Зеренді аудандары прокурорларының орынбасары қызметтерін атқарған. Ерейментау ауданының прокуроры болған. Осы уақытқа дейін Біржан Сал ауданының прокуроры қызметін атқарды.
Прокуратура органдарында 20 жылдан астам қызмет өтілі бар.
Сыныптық шені-әділет кеңесшісі.
С.С.Нұрманбеков 1977 жылы туған.
«Фемида» Қарағанды заң институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Прокуратура органдарындағы қызметін 2003 жылы бастаған. Әр жылдары Шортанды ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарды. Егіндікөл ауданының прокуроры болған. Осы уақытқа дейін Есіл ауданының прокуроры қызметін атқарды.
Прокуратура органдарында 17 жылдан астам қызмет өтілі бар.
Сыныптық шені-әділет кеңесшісі.
Б.К. Шерәлі 1988 жылы дүниеге келген.
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Академиясының заң институтын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқық қорғау қызметі», «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Прокуратура органдарындағы қызметін 2014 жылы бастаған. Нұр-Сұлтан қаласының прокуратура органдарында, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Осы уақытқа дейін Қорғалжын ауданының прокуроры қызметін атқарды.
Сыныптық шені-кіші әділет кеңесшісі.
Ж.Ж.Нұржанов 1985 жылы туған.
Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану»мамандығы бойынша бітірген.
Прокуратура органдарындағы қызметін 2010 жылы бастаған. Қарағанды облысының прокуратура органдарында, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Осы уақытқа дейін Степногорск қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.
Сыныптық шені-кіші әділет кеңесшісі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img