spot_img
Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau

Шұбарағаш ауылдық мектебіне оқушыларды тасымалдау үшін жаңа көлік берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Бұланды ауданы Шұбарағаш ауылдық мектебіне «RG Gold» компаниясы  оқушыларды тасмалдауға арналған су жаңа Газель көлігін тарту етті,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі. 

Бұланды ауданының​ Шұбарағаш ауылының орта мектебіне шалғайдағы ауылдардан 11 оқушы келіп оқиды. Қазіргі уақытқа дейін оқушыларды тасымалдауда көліктің ескілігіне байланысты кейбір мәселелер туындайтын.

Бүгінде Шұбарағаш ауылдық мектебіне көрші ауылдардан барлығы 11 оқушы келіп оқиды. Аудан әкімдігінің бастамасымен ​ алтын өндіруші «RG Gold» компаниясының қолдауының арқасында оқушылар үшін  жаңа көлік пайдалануға берілді. Бұл тек оқушылар мен ата-аналардың ғана емес, мектеп ұжымы мен ауыл тұрғындарының қуанышы. Мен ата -аналардың атынан аталмыш компания басшылығына рахмет айтамын,-дейді Карамышевка ауылдық округінің әкімі Сәуле Даниева.

Шұбарағаш ауылдық мектебінің директоры Иван Рыблердің айтуынша, мектепте барлығы 85 оқушы оқиды. Енді бұл жаңа көлікпен шалғай ауылдардан мектепке келіп оқитын оқушыларды түске дейінгі және түстен кейінгі оқу кезегіне тасымалдайтын болады.

Еске сала кетсек, «RG Gold» ​компаниясы Қарамышевка ауылдық округінің аймағындағы жер топырағына зерттеу жүргізумен де айналысады. ​ ​ Жалпы компанияның кен орыны Бурабай ауданында орналасқан. ауданы 67,7 км шаршы метрді алады. ​

Қазіргі таңда «RG Gold» ​ Доре қорытпасы түрінде жылына 50 000 унциядан астам алтын өндіреді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Бұланды ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа тұрғын үйлердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img