spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
19.2 C
Kokshetau

Петропавлдағы жарылыстан зардап шеккен үш адамның жағдайы ауыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Солтүстік Қазақстан облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде Петропавлдағы жарылыстан зардап шеккен үш адам жатыр деп хабарлады өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы. Олардың бірі хал үстінде.

«Облыстың көпбейінді ауруханасына аталған жарылыстан зардап шеккен 12 адам келіп түсті. Олардың бірі – 24 жастағы ер адам қайтыс болды. 20 жастағы келіншек жансақтау бөлімінде аса ауыр халде жатыр. Алты адам үйіне жіберілді. Қалғандары ауруханада ем қабылдап жатыр. Тағы бір 10 жасар бала облыстық балалар ауруханасында жатыр. Жағдайы орташа ауыр. 1997 жылғы екі ер адам жансақтау бөлімінде», – деді Басқарма қызметкерлері.

Еске салайық, Петропавлдағы көпқабатты үйде болған жарылыстан екі адам қайтыс болған еді. Алдын ала болжам бойынша, үйдің бірінші қабатында орналасқан кафеде газ баллоны жарылып, тұрғын үй ғимараты өртенген. 120 адам эвакуацияланды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img