spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 8, 2024
12.3 C
Kokshetau

Ақмолалық кәсіпкерлер тауарларға жөнелтпе жүкқұжаттардың енгізілуіне қарсы шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада кәсіпкерлер тауарларға жөнелте жүкқұжаттарын міндетті рәсімдеуді енгізуге қарсы жаппай акция ұйымдастыруда. Осыған байланысты жергілікті өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен мемлекеттік кірістер департаменті онлайн-кездесу өткізді, деп хабарлайды «Aqmola News».
Жөнелтпе жүкқұжат тауардың қозғалысын бақылайтын басты құжат. Бұған дейін акциздік өнімдерді сатушылар ғана қағаз тасымалдаушыда жазып беретін. Енді жуық арада жөнелтпе жүкқұжаттарды рәсімдеу міндеттемесі таралған тізімде көрсетілген барлық тауарларға талап етілмек. Қазіргі таңда ұзын саны 200-ге жетіпті. Ал тізім жүкқұжаттарды рәсімдеу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда тағы да өзгеруі мүмкін. Жүкқұжаттарды рәсімдеу электронды форматта жүзеге асырылмақ. Ал кәсіпкерлер болса жаңа жүйенің қолданысқа енгізілуінде әлі шикі тұстар баршылық. Электронды жүкқұжаттарда техникалық қателіктер болып, мәліметтер толық жүктеліп үлгермеген.

Маған кәсіпкер ретінде жөнелтпе жүкқұжатын рәсімдеу мерзімі кейінге қалдырылса зор көмек болатын еді. Өйткені, бізге оны дұрыс толтырып, іс жүзінде қалай жұмыс істеу қажеттігін үйренуге біршама уақыт қажет, – дейді кәсіпкер Фаим Жұмабеков.
Онлайн жиын барысында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жаңадан енгізілетін бұл өзгерістерді 2022 жылға қалдыру қажеттігін алға тартты. Мамандардың пікірінше асығыс шешім қабылдаудың салдарынан көптеген ірі сауда кәсіпорындары мен базарларға жалпы елдің экономикасына зор қауіп төнбек.

«Жөнелтпе жүкқұжаттар жобасын алып тастау мүмкіндігі бар ма? Өйткені қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер әлі қабылданбаған. Қала кәсіпкерлері пилоттық жобаның енгізілуіне келіспейтіндіктерін айтып, қарсы шықты. Кәсіпкерлер аумақтық мемлекеттік кіріс басқармаларында жөнелтпе жүкқұжаттарды енгізу және виртуалды қойма модулі жөнінде дұрыс түсіндіре алмай жатқаны жөнінде шағымдар түсуде, – дейді «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Расул Сыздықов.

Ал, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшылығының айтуынша жөнелтпе жүкқұжаттардың енгізілуі кезең-кезеңімен өтетіндіктен бизнеске ешқандай кедергі келтірмейді.

«Жүкқұжаттарды енгізуді алып тастау мәселесі тұрған жоқ. Тауарларға жүкқұжаттарды енгізу біртіндеп өткізіледі. Бүгінгі таңда пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба толығымен енгізілгенде қиындықсыз енгізу үшін жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік кірістер қызметі салық төлеушілерге ыңғайлы болуы үшін бізде телеграмм каналда чат ашылып, сондай-ақ WhatsApp-та арнайы топтар ашылды, – дейді облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің экспорттық бақылау басқармасының басшысы Ахметжан Хасенов.

Ведомствоның мәліметінше үйде дүкен ұстайтындар үшін аталған норманың еш қатысы жоқ. Олардан жүкқұжат көшірмесі талап етілмейді. Олар тек бұрынғысынша көтерме жеткізушілерден тауар алғанда ғана жөнелтпе жүкқұжаттарды растайды, – деді мамандар.
Салық саласының өкілдері пилоттық жоба кезінде айыппұл санкцияларының салынбайтынын жеткізді. Ал салық төлеушілердің көптеген өтініштері бойынша пилотты жоба осы жылдың 1 шілдесіне дейін кері шегерілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img