spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 8, 2024
17.3 C
Kokshetau

Ақмолада сотталған жігіт ата-анасымен бейне байланысқа шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада сотталушы бес жыл бері еш хабары болмаған ата-анасымен бейнебайланысқа шықты, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан Константин ата-анасын табу үшін колония қызметкерлеріне өтініш білдіріпті.

Жедел іздестіру шараларын ұйымдастырған ақмолалық тәртіп сақшылары сотталушының әке-шешесі де ауыр қылмыс жасағаны үшін түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқанын анықтаған.

        Алдын ала келісіммен заңды бұзғандары үшін жазасын өтеп жатқан ата-ана мен балаларының бейнекездесуін өткіздік. Онлайн кездесу еш мәжбүрлеусіз кезінде ата-ана мен балаларын қайта жолықтырды. Ата-анасы балаларынан өз тағдырларын қайталамауын өтінді, – дейді облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Горнова.

Константиннің жазасын өтеп, бостандыққа шығуына жақын қалған. Кішкентай қарындасының күтіп жатқанын айтқан ата-ана барлық режимді сақтап үйге тезірек оралуын өтінді.

Кездесу соңында отбасы мүшелерінің үшеуі де ҚАЖ қызметкерлеріне кездесуге мүмкіндік бергеніне алғысын білдірді, – деп толықтырды Ирина Горнова.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалықтар отан қорғаушыларына алғыс білдіруде

Отан қорғаушылар күні қарсаңында біздің жүрегіміз мақтаныш пен Еліміз үшін күрескендер үшін алғысқа толы! ҚХП Ақмола облыстық филиалы төрағасының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img