spot_img
Жексенбі, Сәуір 28, 2024
16.2 C
Kokshetau

Мәжілісте комитет төрағалары сайланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Мәжілістегі Nur Otan, «Ақ жол» және Қазақстан Халық партиясы фракциясының өкілдері өзара комитет басшысы лауазымдарын бөлісті. Мәжілісте VII шақырылымның алғашқы пленарлық отырысында төменгі палатадағы комитет төрағалары сайланды.

Айта кетейік, қабылданған түзетулер бойынша Мәжілістің кемінде бір комитетін парламенттік оппозиция өкілдері («Ақ жол» және Қазақстан Халық партиясы фракциясы) басқаруы тиіс.

Мәжіліс комитеттерін мына депутаттар басқарады:

  • Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы – Ерлан Барлыбаев («Ақ жол» партиясы);
  • Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы – Жәмила Нұрманбетова;
  • Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы – Қанат Мусин;
  • Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы – Марат Құсайынов;
  • Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы – Айгүл Құспан;
  • Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы – Александр Милютин (Қазақстан Халық партиясынан);
  • Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің төрағасы Альберт Рау болып тағайындалды.

Бүгін Нұрлан Нығматулин Мәжіліс спикері болып сайланды. Парламенттегілер Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын палатаның бірінші отырысында жасырын дауыс беру арқылы қолдады. Сондай-ақ Мәжіліс спикерінің орынбасарлары ретінде депутаттар Балайым Кесебаева мен Павел Казанцевтың кандидатурасын қолдады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img