spot_img
Сейсенбі, Қазан 8, 2024
18.2 C
Kokshetau

БЖЗҚ комиссиясы төмендетілді

Сондай-ақ...оқыңыз

                 Қазақстан Ұлттық Банкінің бастамасымен салымшылардың мүддесі үшін БЖЗҚ комиссиясын төмендету мақсатында Мемлекет басшысының 2021 жылғы 2 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қол қойған Қазақстан Республикасының Заңы аясында тиісті түзетулер енгізілді.

Бұл өзгерістер салымшылар өз зейнетақы жинақтарының бір бөлігін басқаруға аудара алатын БЖЗҚ, Қазақстан Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар арасындағы комиссиялық сыйақыны бөлуді, сондай-ақ оның шекті мөлшерлердң деңгейінің төмендеуін көздейді.

Қабылданған түзетулерге сәйкес, БЖЗҚ үшін тек зейнетақы активтерінен комиссия құрылады. Сонымен бірге көрсетілген комиссиялық сыйақының шекті мөлшері 60%-ға – зейнетақы активтерінен айына 0,025% -дан 0,01% -ға дейін төмендетілді.

Қазақстан Ұлттық Банкі мен инвестициялық портфельді басқарушылар үшін шекті мәндерді белгілей отырып, инвестициялық кірістер бойынша комиссия қарастырылған. Инвестициялық кіріс бойынша нақты алынған комиссия мөлшері қайта қаралып, жыл сайын белгіленіп отырады.

Сонымен бірге, Қазақстан Ұлттық Банкінің ұсынысымен оның комиссиялық сыйақының шекті мөлшері инвестициялық кірістің 73% – 7,5%-дан 2,0% дейін төмендетілді.

Егер бұрын БЖЗҚ инвестициялық кірістен комиссия алған болса, онда жаңа талаптарға сәйкес сыйақы тікелей инвестициялық портфельді басқарушыға түседі. Бұл салымшыға инвестициялық портфельді басқарушының комиссиялық сыйақысы бақылауға мүмкіндік беріп, өзіне тиімді шарттарды таңдауға жағдай жасайды.

 Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефондар арқылы ала алады:

+7 (717) 2 775 205 (ҚҰБ баспасөз қызметі)

+7(727) 312 15 68 (ішкі нөм. 5112) (БЖЗҚ баспасөз қызметі)

e-mail: press@nationalbank.kz

press@enpf.kz

www.nationalbank.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚМОЛАЛЫҚ ПЕДАГОГ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН БӨЛІСТІ

Көкшетау қаласының №19 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Муханбетжанова Аксауле бастауыш сыныптарда математиканы оқыту ерекшеліктерін,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img