spot_img
Жексенбі, Мамыр 12, 2024
21.2 C
Kokshetau

Мәжіліс спикері мен оның орынбасарлары сайланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс спикері болып сайланды. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар жаңа төрағаны жасырын дауыс арқылы сайлады. «Ақ жол» партиясы мен Қазақстан Халық партиясының төрағалары да Нығматулиннің кандидатурасын қолдады.

«Ең алдымен, мені тағы да осы жоғары лауазымды қызметке – Мәжіліс төрағасы ретінде сайлағандарың үшін шын жүректен алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер! Біріншіден, бұл мен үшін өте үлкен жауапкершілік. Сондықтан да әрқашан Елбасының, Президенттің өзіме жүктеген міндеттерін жоғары деңгейде орындау үшін, сіздердің және біздің сайлаушылардың сенімін ақтау үшін барлық жинаған білімімді, тәжірибемді жұмсайтын боламын», – деді Мәжіліс төрағасы болып сайланған Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс спикері болып сайланған Нұрлан Нығматулин екі орынбасары ретінде – Балайым Кесебаева мен Павел Казаенцевтің кандидатурасын ұсынды.

«Осы құқықты пайдалана отырып, Мәжіліс төрағасының орынбасары ретінде бірінші кезекте депутат Балайым Кесебаеваның кандидатурасын ұсынғым келеді. Ол VI шақырылымның депутаты болған, тәжірибесі мол, білікті заңгер. Көп жылдар бойы әділет органдарында жұмыс істеген, жұмысқа белсенді қатысатын, өзінің кәсібилігін көрсеткен депутат. Мен оны лауазымға лайық деп санаймын. Оның осындай жоғары лауазымда жұмыс істей алатынына сенімдімін», – деді Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс төрағасының орынбасары лауазымына екінші үміткер ретінде ол депутат Павел Казанцевтің кандидатурасын ұсынды.

«Павел Олеговичті бәріңіз жақсы білесіздер, әкімшілік және партиялық жұмыста мол тәжірибесі бар, партияда және жауапты лауазымдарда жұмыс істеді, партиялық бақылау комитетін басқарды, VI шақырылымда да тиімді жұмыс істеді. Сондықтан оның кандидатурасын ұсынамын», – деді Нығматулин.

Депутаттар спикердің ұсынысын бірауыздан қолдады.

54 жастағы Балайым Кесебаева Nur Otan партиясының VI шақырылымының депутаты болған, Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, VII шақырылым Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Әр жылдары Маңғыстау облысы Әділет департаментінің бастығы, Әділет министрлігі Ішкі әкімшілік департаментінің директоры, Қызылорда облысы Әділет департаментінің бастығы қызметтерін атқарған.

60 жастағы Павел Казанцев – Nur Otan партиясынан VI сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі, VII шақырылған Мәжілістің депутаты болып сайланды. ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары, Nur Otan партиясының партиялық бақылау комитетінің төрағасы болды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жеңіс күніне орай ардагерге құрмет көрсетілді

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов пен депутат Саят Сыздықов тыл еңбеккері  Ксения Петровна Тюменцеваны Жеңіс күнімен құттықтады. Зеренді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img