spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
13.8 C
Kokshetau

Қазақстан халқы ассамблеясынан Мәжіліске тоғыз депутат сайланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі Қазақстан халқы ассамблеясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлерге дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Үміткерлерге ҚХА-ның 351 мүшесі дауыс берген.

Айта кетейік, ҚХА атынан тоғыз адам Мәжіліске үміткер:

  • Сауытбек Әбдірахманов – Қазақстан Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының депутаты;
  • Аветик Амирханян – БҚО армян этномәдеми «Масис» қоғамдық бірлестігінің өкілі;
  • Ілияс Буларов – Жамбыл облысы Қордай ауданы Сарытөбе ауылдық округінің әкімі;
  • Наталья Деменьтева – Көкшетау білім басқармасының «Технический лицей» КММ директоры;
  • Юрий Ли – «Қазақстан ұлттық коллекторлар палатасы» ЗТБ төрағасы;
  • Вакиль Набиев – күрттердің «Барбанг» қауымдастығының» вице-президенті;
  • Шамиль Осин – «Шығыс» фермерлік шаруашылығының басшысы;
  • Владимир Тохтасунов – «ЖетісуОблГаз» ЖШС бас директоры;
  • Абилфас Хамедов – «Әзербайжандар қауымдастығы» РҚБ төрағасы.

Сауытбек Әбдірахманов үшін 298 бюллетень, Аветик Амирханянға – 270, Ілияс Буларовқа – 274, Наталья Деменьтевке – 292, Вакиль Набиевке – 285, Юрий Лиге – 282, Шамиль Осинге – 271, Владимир Тохтасуновқа – 277, Абилфас Хамедовке – 290 бюллетень берілген.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов: «Бізге көзбояушылық қажет емес, нақты істер қажет!»

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img