spot_img
Сейсенбі, Маусым 18, 2024
16.2 C
Kokshetau

Қазақстандық әскерилер шет елдерде бітімгершілік миссияда жүр

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қазақстандық әскерилердің қай елдерде бітімгершілік миссияда жүргенін айып берді, деп хабарлайды «Aqmola News».

Қорғаныс министрі «2007 жылдан бастап әртүрлі бітімгерлер бақылаушы ретінде түрлі миссияларға, оның ішінде Батыс Сахара, Кот-д ‘ Ивуар, Ливанға жіберілді. Одан бөлек, арнайы жасақ Иракта тапсырма орындады. Қазір Ливанда төртінші рота жүр. Тағы төрт әскери қызметшіміз Батыс Сахарада. Сонымен қатар, біз қазір арнайы мамандандырылған бөлімшелерді дайындап жатырмыз. Мұнда БҰҰ сұранысқа ие деп атаған инженерлік-саперлік бөлімше, әскери полиция, барлау бөлімшесі және әскери-медициналық бөлімше бар», – деді Нұрлан Ермекбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, қазақстандық әскери қызметшілерді бітімгершілік миссия аясында жіберу үшін далалық әскери-медициналық госпиталь әзірленіп жатыр. «Қайда жіберетінімізді БҰҰ шешеді. Шамамен Африка еліне жіберуі мүмкін. (…) Бейрут портында (Ливан) болған жарылыстан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін Президенттің тапсырмасымен екі тәулікте Ливанға 32 әскери медицина мамандары жасағы жіберілді, олар екі апта бойы жергілікті халыққа көмек көрсетті», – деді Н. Ермекбаев. Еске сала кетсек, 4 тамызда Ливан астанасы Бейрут қаласындағы портта жойқын жарылыс болды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан Президенті Мишель Аунмен телефон арқылы сөйлесіп, Ливандағы қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде өтініш білдірген еді.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бірлікте жаңа мешіт ашылды

Екі дүниенің сардары, ардақты Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Кімде кім Алланың разылығы үшін мешіт салса, Алла тағала ол...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img